Елімізде соңғы 4 жылда 843 адам суға батып кеткен. Оның 260-ы бала. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері хабарлады. Ал 1 маусымнан шомылу маусымы басталады. Құтқарушылар балаларды қараусыз қалдырмауға, рұқсат етілмеген жерлерде және мас күйде шомылмауға, құтқару жилеттерін кию ережелелерін сақтауға шақырады. ((КСМ)) Министрлік өкілдерінің мәліметінше, елімізде 600-ден астам рұқсат етілген және 500-ге жуық шолмылуға тыйым салынған су айдыны бар. Жыл басынан бері құтқарушылар БАҚ көздері мен әлеуметтік желілерде қауіпсіздік туралы 15 мыңға жуық бейнероликтер мен түрлі хабарландырулар жариялаған. Дегенмен, әркім өз қауіпсіздігі үшін ең алдымен өзі жауапты дейді, мамандар.
СНХ: АҚЫЛБЕК АХМЕТЖАНОВ – ҚР ТЖМ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС ЖӘНЕ ӘСКЕРИ БӨЛІМДЕР КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ