Елімізде ғылыми қалашық құрылады. Бұл салада көршілес Ресейдің тәжірибесі мол. Сондықтан Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бастаған делегация Новосібір облысындағы ғылыми қалашыққа барды. Новосібір ғылыми орталығының аумағында үш академиялық қалашық жұмыс істейді. Соның құрамына кіретін Кольцово бүгінде Ресейдегі ең ірі биотехнологиялық кластердің бірі. Мұнда Эбола, А гепатиті және COVID-19 вакциналарын жасаған «Вектор» вирусология және биотехнология Мемлекеттік ғылыми орталығы орналасқан. Тараптар ғылым қалашығының жұмыс істеу моделін тереңірек зерделеп, оны Қазақстанда қолдану мүмкіндігін және мамандармен тәжірибе алмасуға уәделесті.

СНХ: СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН - ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ