Қалалық мәдениет үйінің қабырғасында «ДЕМЕУ жұлдыздары» 8-ші облыстық фестивалі өтті. Іс-шара өңірдегі ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар мен түзету мекетептерінің тәрбиеленушілері арасында жыл сайын өтеді. Дарынды балақайлар бас қосқан іс-шараға арнамыздың түсіру тобы да қатысып қайтты.

Батырхан Хамитов №1 арнайы түзету мектеп-интернатының 9-шы сынып оқушысы. «ДЕМЕУ жұлдыздары» фестивалі басталған сәттен бастап байқауға қатысып келеді. 10 жыл бойы түрлі номинацияларда өнер көрсеткен. Жасөспірім бүгінгі сайыста Махамбет Өтемісұлының өлеңін жатқа айтпақ.

СНХ: БАТЫРХАН ХАМИТОВ, ФЕСТИВАЛЬГЕ ҚАТЫСУШЫ


Бұл іс шараның мақсаты - ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың шығармашылығын дамытуды ынталандыру, балалар арасында шығармашылық байланысты орнату.

СНХ: ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, «ДЕМЕУ» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Фестиваль соңында жеңімпаздармен қатар қатысушылардың барлығы да алғыс хаттармен және тәтті сыйлықтармен марапатталды