Өңірімізде «Өрт - 2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу жұмыстары жүргізілуде. Ол Айыртау ауданында орналасқан «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жайғасты. Оған Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелері, төтенше жағдай министрлігінің «Қазавиақұтқару» мамандары, жергілікті атқарушы билік, полиция, медицина, азаматтық қорғаныс саласы мен орман шаруашылығы өкілдері қатысты. Оқу-жаттығу жұмыстарының мақсаты- өрт қауіпсіздігі жоғары болатын жаз мезгілінде түрлі төтенше жағдайлардың алдын алуда барлық күш-құрылымдардың бірлесе әрекет етулерін тағы бір мәрте пысықтау. Оған облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев жетекшілік етті.

Бұл, «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық паркі аумағында өткізіліп жатқан «Өрт -2025» Республикалық командалық штабтық оқу-жаттығу жұмыстары барысында түсірілген көріністер. Орманды алқапта орын алған тілсіз жауды ауыздықтауға облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандарына, Ақмола облысындағы әріптестерімен төтенше жағдайлар министрлігінің «Қазавиа құтқару» өкілдері де көмекке келді. Себебі бұл жерде туристік базаларда демалушылар көп, оның үстіне елді-мекен жақын орналасқан әрі табиғи байлығымыз, ұллтық паркті қызыл жалыннан аман алып қалу.

СНХ: ДӘУРЕН ТАУБАЕВ - СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


«Өрт- 2025» Республикалық оқу- жаттығу жұмыстарын басқару штабы Павлодар облысында орналасса, біздегі өңірлік штаб биыл Айыртау ауданы аумағында жайғасты. Себебі бұл жердегі курорттық аймақта орманды алқап пен туристік демалыс базалары көп шоғырланған.

СНХ: ДӘУРЕН ТАУБАЕВ - СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Оқу -жаттығу соңында өз білімі мен біліктіліктерін жоғары деңгейде көрсете білгендер арнайы марапаттарға ие болды. Солардың бірі «Имантау» өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі Алик Юмакулов.

СНХ: АЛИК ЮМАКУЛОВ – ӨРТ СӨНДІРУ АВТОКӨЛІГІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ


Оқу-жаттығу жұмыстарына 80 астам арнайы техника мен 200 ге жуық адам қатысты.