Облыста көктемгі егіс науқаны жалғасып жатыр. Өңір аграрилері бүгінде 1,5 миллион гектар жерге дән септі. Жалпы егістік алқабы 4,4 миллион гектарды құрайды.

Биыл қар тез еріп өңірге көктем ерте келді. Ауа райы да диқаншылар үшін өте қолайлы болды. Сонымен қатар, жеңілдетілген қаржыландырудың арқасында шаруалар егіс науқанына алдын ала дайындалды. «Кең Дала 1» және «Кең Дала 2» бағдарламалары аясында ауыл шаруашылығы өндірушілеріне 90,3 млрд теңге көлемінде қаржы бөлінді. Оның 30 млрд теңгесі «Солтүстік» ӘКК арқылы. «ҚазАгроҚаржы» АҚ тарапынан 13,3 млрд теңге қаражат бөлінсе, форвардтық сатып алуға – 7,4 млрд теңге бөлінген. Айта кетейік, облыста көктемгі егіс жұмыстарын бақылауға арналған жедел штаб жұмыс істеп тұр.

СНХР: ДӘУРЕН ТОҚҚОЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ