Бүгін Лорд мектеп-лицейінде оқу жылының аяқталуына арналған салтанатты іс-шара өтті. Биыл білім ордасын 30 түлек тәмамдәп отыр. Салтанатты жиынға Қозыбаев университетінің ректоры қатысып, республикалық олимпиадалар мен ғылыми байқаулардың жеңімпаздарына университет гранттары табыстады. Бұл жайлы әріптесім Әсем Кенжеболатова баяндап берсін.

Бүгін еліміз бойынша барлық мектептерде оқу жылының аяқталуы кең көлемде аталып өтуде. Биылғы оқу жылының ресми түрде жексенбіге түсуіне байланысты 11-сынып түлектеріне арналған салтанатты іс-шаралар 23 немесе 24 мамыр күндері ұйымдастырылуда. Солардың бірі – Петропавлдағы Лорд мектеп-лицейінде өтті.

СНХР: СВЕТЛАНА ШАУКЕРОВА, "ЛОРД ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ҮШІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫ" КММ ДИРЕКТОРЫ


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Олардың ішінде 217 мыңнан астамы — 11-сынып түлектері. Ал Солтүстік Қазақстан облысында 11-сыныпты 3642 оқушы бітіреді. Жалпы өңірде 1-ден 11-сыныпқа дейін 73 996 оқушы білім алатын 444 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Ал бірінші сыныпты 6930 бала аяқтап жатыр.

Өңірдегі басты жоғары оқу орнындардың бірі – Қозыбаев университеті, түлектерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Университет биыл 14 дарынды жасқа білім грантын табыстады. Сонымен қатар, Аризона университетімен бірлескен бағдарлама аясында 400 грант бөлініп, жастарға шетелде білім алуға жол ашылмақ.

СНХР: ЕРБОЛ ИСАКАЕВ, М. ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ-РЕКТОР


Биыл «Алтын белгіге» өңірімізде 122 түлек үміткер. Сонымен қатар, 11-сыныптың 230 және 9-сыныптың 434 оқушысы үздік аттестат алуға үмітті. Амангелді Досмадияр — ЛОРД Мектеп-лицейінің биылғы түлегі. Ол Алтын белгі үміткерлерінің қатарында.

СНХР: АМАНГЕЛДІ ДОСМАДИЯР, ЛОРД ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ҮШІН МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ ТҮЛЕГІ


Негізгі және жалпы орта білім туралы аттестаттар 18-20 маусым аралығында табысталады. Соңғы оқу күні — 23 мамырда еліміздің барлық мектептерінде "Білімім — Отаныма" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтті. Бұл іс-шара оқушылар мен ұстаздардың оқу жылын қорытындылап, маңызды сәттерді бірге еске алуына мүмкіндік береді.