Сәбит Мұқанов атындағы облыстық кітапханада ерекше кеш өтті. 40 жылдан астам тарихы бар халықтық ардагерлер хоры көрерменге рухани кеш сыйлады. Бұл шығармашылық ұжым 1984 жылы құрылған.
Хор мүшелерінің орташа жасы - 72. Зейнеткерлер кезінде облысымыздың әр саласында еңбек еткен, түрлі мамандық иелері. Зейнет демалысында уақыттарын босқа өткізбей, өнерді ұлықтауға өз үлестерін қосу мақсатында ансамбль құрған. Хор құрамында 90 адамға дейін болған. Әндер 6 дауыс пен 6 партияға бөлініп орындалған. Бір кездері соғыс және еңбек ардагерлерінен құралған ұжым бүгінде әнге деген сүйіспеншілікті ұрпаққа жеткізіп келеді. Халық ардагерлер хоры өнер сүйер қауымға репертуарларындағы көпке танымал әсем әндерін орындап берді.
СНХР: ЛЮДМИЛА УСОЛЬЦЕВА – ХАЛЫҚТЫҚ АРДАГЕРЛЕР ХОРЫНЫҢ МҮШЕСІ