Жаз мезгілінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше маңызға ие. Осыған орай Петропавлдағы «Ақ бота» балабақшасында Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары ата-аналар мен балалармен арнайы кездесу өткізіп, өрт қауіпсіздігі мен суға шомылу кезіндегі ережелер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Балабақшада өткен іс-шараға тәрбиешілер, ата-аналар және бүлдіршіндер қатысты. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірді. Жазғы шомылу маусымына байланысты судан келетін қауіп туралы да кеңінен әңгімеледі.
СНХ: АРМАН ӘБІЛКӘРІМ, СҚО ТЖД ҚЫЗМЕТКЕРІ
Ауа райы ыстық болған сайын көпқабатты үйлерде терезелердің ашық тұруы – аса қауіпті. Өкінішке қарай, жыл сайын елімізде ондаған бала абайсызда терезеден құлап кетіп, ауыр жарақат алады, кейбірі қайғылы жағдайға душар болады.
СНХ: ЖАННА ӘБІЛОВА, «АҚ БОТА» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Жалпы, бүгінгі таңда «Ақ бота» балабақшасында 300-ден астам бүлдіршін тәрбиеленеді.