Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қызметкерлерінің отбасыларының балаларына арналған ашық аспан астында мереке ұйымдастырды. Іс-шара Петропавл қаласындағы «Динамо» стадионында өтті.

Бағдарламада психологиялық квест, тәттілер сыйлау және сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды. Жеңіс күні қарсаңында ондаған бала өз таланттарын сурет байқауында көрсетті. Балалар тапсырманы үлкен жауапкершілікпен және шабытпен орындап, байқау қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар үздік қатысушыларды дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапаттады. Марапаттау рәсімінен кейін балалар Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы жедел әрекет ету жасағы мен кинологиялық қызмет орталығы қызметкерлерінің әсерлі көрсетілімін тамашалады. Қол күрес әдістері, күрес элементтері және физикалық дайындықтың көрсетілімдері балаларға ерекше эмоция сыйлады. Кинологтың басшылығымен қызметтік-іздестіру иті есірткі заттарын іздеу қабілетін көрсетті.

«Демеу» орталығының тәжірибелі психологтары Резеда Баймұхамбетова мен Жұлдыз Саттарованың жетекшілігімен балалар қызықты квестке қатысты. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — командалық өзара әрекеттесуді дамыту, біріктіру, саламатты өмір салтын насихаттау, түрлі қауіптердің алдын алу.

СНХР: Сымбат Бектұрғанова – СҚО ПД тәрбие және кадр жұмысы басқармасының аға инспекторы


Мұндай іс-шаралар балаларға ата-аналарының күрделі, бірақ өте құрметті мамандығын жақсырақ түсінуге көмектеседі, сондай-ақ полиция қызметкерлері отбасылары арасындағы байланысты нығайтады. Бұл күн, сөзсіз, балалардың есінде қалады және олардың басты мерекесі қарсаңында жарқын оқиғаға айналды.