Өңірде «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Басты мақсат- жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы биыл жыл басынан бері СҚО 140 тан астам жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тапты.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 143 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, салдарынан 7 адам қаза тауып, 200 адам түрлі жарақаттар алған. Апаттардың санын азайту мақсатында полиция кешенді шаралар қабылдап жатыр. Құқық қорғау органдары такси және автобус жүргізушілеріне ерекше назар аударуда. Елді мекендерде және қала сыртындағы жолдарда тосын рейдтер өткізілуде. Басты назар — барлық жол ережелерін қатаң сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру.

Мәселен, Петропавл қаласының Бөкетов көшесінде 35 жастағы Toyota Camry жүргізушісі мобильді қосымша арқылы жолаушы тасымалдап, қажетті тіркеусіз қызмет көрсеткені анықталды. Оған қатысты заңсыз кәсіпкерлік қызмет үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл құқық бұзушылық үшін жеке тұлғаларға он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Жыл басынан бері осы бап бойынша 60-тан астам жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

СНХР: Әлібек Ғабдуллин — СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы


Бұл шаралардың басты мақсаты — жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету. «Қауіпсіз жол» іс-шарасы жалғасуда.