Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев ауданына барды. Сапар барысында ол көктемгі егіс науқанының басталуымен танысып, шаруалармен маңызды мәселелерді талқылады. Сондай-ақ, әлеуметтік және экологиялық нысандарды аралап шықты. Іс-шара аудан тұрғындарымен кездесумен аяқталды. Кездесуде маңызды мәселелер қаралып, көпбалалы аналарға құрмет көрсетілді.
Алғашқы нысан - ауыл шаруашылығымен айналысатын «НұрСен Агро» серіктестігі болды. Мұнда облыс әкімі көктемгі дала жұмыстарының ұйымдастырылуымен танысып, жаңа техника мен агротехнологияларды пайдалану барысын көзбен көрді. Ағымдағы жылы шаруашылық 9 мың гектардан астам жерге дәнді және майлы дақылдар егуді жоспарлап отыр.
СНХ: ҚАНАТ СЫЗДЫҚОВ, «НҰРСЕН АГРО» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Сапар аясында облыс әкімі жергілікті ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кеңес өткізіп, аудан әкімі Рахат Смағұловтың көктемгі егіс жұмыстары жөніндегі баяндамасын тыңдады. Биылғы егіс алқаптарының құрылымында жоғары табысты дақылдарға басымдық берілген.
СНХ: РАХАТ СМАҒҰЛОВ, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Келесі нысан – жаңадан ашылған жол бойындағы сервистік кешен болды. Жобаның жалпы құны 500 миллион теңгеден асады. Жаңашыл жоба жолаушыларға сапалы қызмет көрсетіп қана қоймай, жергілікті тұрғындарға қосымша жұмыс орындарын ұсынды.
Ауданда жүзеге асып жатқан тағы бір маңызды жоба – ағаш өңдейтін «АЗИЯ WOODS» кәсіпорны. Мұнда ағаш жаңқасы, тақтай, паллет және «Пини-Кей» типіндегі отын брикеттері шығарылады. Өнімдерге металлургия саласында сұраныс жоғары.
СНХ: ДМИТРИЙ ПОСТОВОЙ, «АЗИЯ WOODS» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Әрі қарай облыс әкімі 2008 жылдан бері жұмыс істейтін «Ақ қайың» балалар лагеріндегі жөндеу жұмыстарымен танысты. Биыл нысанды жаңартуға 83 миллион теңге бөлінді. Лагерь бір мезгілде 9-16 жас аралығындағы 85 баланы қабылдауға қауқарлы. Мұнда 20 педагог жұмыс істейді. Онда тоғыз үй, асхана, медициналық пункт, спорт алаңдары мен сахна бар.
СНХ: МҰРАТ ОРТАМЫШЕВ, «АҚ ҚАЙЫҢ» БАЛАЛАР САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Өңір басшысы әлеуметтік нысандарда сапалы жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, балалар қауіпсіздігі бірінші орында болуы керек.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
«Таза Қазақстан» экологиялық жобасы аясында қылқан жапырақты ағаштардың жаппай отырғызылуы өтті. «Ноғайбай» ЖШС директоры Алтынбек Сапаровтың бастамасымен 23 мың көшет сатып алынып, Булаев орман шаруашылығына берілді.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Ағаш отырғызу шарасына Мағжан Жұмабаев атындағы мектептің 25 оқушысы да қатысты. Олардың қатарында 9-сынып оқушысы Шынар Тәңірберген де бар.
СНХ: ШЫНАР ТӘҢІРБЕРГЕН, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Сондай-ақ Президент тапсырмасы аясында «Тазалық 2025» мемлекеттік кәсіпорны құрылды. Мекемеге облыс бюджеті есебінен коммуналдық техника сатып алынды. Бұл қызметтердің дайындық деңгейін арттыруға және өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған.
Успенка ауылында су жеткізуді жақсарту бағдарламасы аясында жаңа су құбыры алаңының құрылысы жалғасуда. Жобаның жалпы құны – шамамен 196 миллион теңге. Жоба аясында әрқайсысының сыйымдылығы 100 текше метр болатын екі таза су қоймасы, 25 текше метрлік су мұнарасы, сорғы станциясы және 2 жарым шақырымға сондай-ақ бақылау-өткізу пункті мен қоршау салынуда.
Сонымен қатар, облыс әкімі Сулышоқ ауылындағы жаңа шағын орталыққа барды. Елді-мекенде облыс әкімі қоныс аударған отбасылардың жағдайын білді. 2017 жылы Талдықорған қаласынан көшіп келген Гүлнұр Ахаева мен Асхат Нүсіпов 17 бала тәрбиелеп отыр. Ал Түркістан облысынан қоныс аударған Нүркен Нүрсейт пен Сарагүл Бейсебаеваның отбасы 9 баланы өсіріп жатыр.
СНХ: ГҮЛНҰР АХАЕВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА
Облыс басшысы көпбалалы отбасы мүшелерін естелік сыйлықтарды табыстады. Ал Ахаевтар отбасының қызын М. Қозыбаев атындағы университетіне оқуға шақыру хатын тапсырды.
Сапар соңында аймақ басшысы Булаев қаласында 58 жыл бұрын салынған мектеп-балабақша кешеніндегі күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты. Жоба құны – 136 миллион теңге. 2025 жылы нысан толық жаңғыртылып, заманауи жағдай жасалмақ.
Сапар соңында Ғауез Нұрмұхамбетов аудан тұрғындарымен кездесті. Онда аймақ басшысы 2024–2025 жылдар аралығында атқарылған жұмыстар қорытындысына тоқталды.
СНХ: Ғауез Нұрмұхамбетов, СҚО әкімі
Кейін аудан тұрғындары өзекті мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Кездесу соңында көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» төсбелгілері табысталды.