Жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында өңірде іс-шаралар қарқынды жүргізіліп жатыр. Бүгін облыс орталығында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған маман тапшы 28 кәсіпорын мен 800-ге жуық тұрғын қатысты. Бұл жерде жұмыс іздеп жүрген студенттерде кәсіп таңдап, қалаған жұмыс орнына тұруға мүмкіндік алды.

Қазір көптеген кәсіпорындарда кадр тапшылығы бар. Екі қолға бір күрек таппай жұмыссыз жүрген азаматтар да біршама. Осы мәселені шешу мақсатында облыс орталығында, аудандарда үнемі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Бүгін осындай кезекті іс-шара өтті. Бұл жерге мамандандырылған күзет қызметі басқармасының өкілдері де келіп, жұмыс орнының мүмкіндіктері жайлы айтты.

СНХ: ӘСЕТ ТІЛЕУЛИН, МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ 2-ШІ ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырушы қалалық «мансап» және «еңбек мобильділігі орталықтары. Бұндай іс-шаралар аудан орталықтарында жиі өткізіледі. Тіпті ақпарат таратып, түсіндіруші арнайы топта жұмыс істейді. Олар шалғай ауылдарға барып жұмыс орындарының мүмкіндіктерімен таныстырады. Іс-шараға студенттерде келіп, жұмыс ұсынушы кәсіпорын мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

СНХ: АЯНА БЕЙСЕНБАЕВА, СТУДЕНТ


Жұмыс таппай жүргендерге бос жұмыс орындар жәрмеңкесі таптырмас мүмкіндік. Айта кетейік манасап орталығы бұл іс-шараны тұрақты түрде өткізеді.