Өңірде «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органының кезекті отырысы өтті. Жиынға мемлекеттік мекеме өкілдері, волонтерлер және қоғам белсенділері қатысты.
Жиында волонтерлер қозғалысын дамыту, әлеуметтік жауапкершілікті арттыру және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру жолдары талқыланды. Кеңес мүшелері алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп, бірлескен жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығына тоқталды.
СНХР: ДИАНА САЛҒАРИНА, МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САЛАСЫН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ
«Еріктілер кеңесі» 2023 жылдан бастап жұмыс істейді бүгінде аймақтағы волонтерлер қозғалысын қолдауға бағытталған маңызды алаңға айналған.
СНХР: АБЗАЛ ОРАЗЫМБЕТОВ, ӘКІМШІЛІК ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің волонтерлік қызметке белсене қатысуы ерекше атап өтілді. Қоғамдық жұмыстарға үлес қосып, әлеуметтік жобаларға атсалысқан қызметкерлер арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.