Петропавлда «Таза Қазақстан» акциясы аясында Пестрое көлінің жағалауы қоқыстан тазартылды.
Іс-шараға университет пен колледждерден 70-тен астам студент қатысты. Бірер аптадан кейін өңірде шомылу маусымы басталады. Сондықтан еріктілер тазалық акциясын жағажайда ұйымдастыруды жөн санапты. Жалпы жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы аясында 600-ден астам шара өткізілді.
СНХ: АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ВОЛОНТЕР