Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен «Бәйтерек» ұлттық холдингі кеңесінің отырысы өтті. Жиында экономиканың нақты секторын қаржыландыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ холдингтің және Қазақстанның даму банкі мен Өнеркәсіпті дамыту қорының бірінші тоқсандағы жұмыстары таныстырылды. Отырыс қорытындысында Холдингтің инвестициялық саясатын және қаржылық, ұйымдастырушылық бағыттарын жетілдіруге қатысты бірқатар құжат қабылданды.
СНХ: ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ