Жылда елімізде 21 маусым – мәдениет пен өнер қызметкерлерінің күні аталып өтеді. Осы ретте өңірімізде ерекше салтанатты іс-шара ұйымдастырылды.
Мәдениет және өнер қызметкерлері күні елімізде 2013 жылдан бері тойланып келеді. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында осы салада жүздеген маман еңбек етіп, ел руханиятының дамуына сүбелі үлес қосып жүр.
Оларды кәсіби мерекелерімен облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтап, мәдениет майталмандарының қоғам өміріндегі маңызды рөлін атап өтті.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Төл мереке аясында «Еңбек ардагері» төсбелгісімен Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының статисті Бәтима Мүслімова марапатталды. Ол бұл салада 23 жыл бойы абыроймен қызмет етіп келеді.
СНХР: БӘТИМА МҮСЛІМОВА, СҚО ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ АРХИВ ІСІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ СТАТИСІ
«Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталғандардың қатарында Мейрамкүл Әбуова да бар.
СНХР: МЕЙРАМКҮЛ ӘБУОВА, ОБЛЫСТЫҚ МУЗЕЙ БІРЛЕСТІГІНІҢ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ-БҰҚАРАЛЫҚ ЖҰМЫС БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Ел мерейін асыратын салалардың бірі – мәдениет пен спорт. Сондықтан да халқымыз өнер мен спорт майталмандарын әрдайым ерекше құрметтеп келген. Салтанатты іс-шара соңы мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты.