Петропавл қаласында «Гендерлік теңдік – қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың негізі: тиімділік, ұмтылыс, трансформация» атты форум өз жұмысын бастады. Ауқымды іс-шараға 300-ден астам адам қатысуда. Олардың қатарында – облыс тұрғындары, мәслихат депутаттары, өңірдің белсенді әйелдері, үкіметтік емес ұйым басшылары, мемлекеттік органдар мен Қазақстанның басқа аймақтарынан келген қонақтар бар.

Форум қатысушылары Облыстық перинаталдық орталық жанындағы ерте араласу орталығына барды. 2024 жылы ашылған «Қамқорлық» орталығы 3 жасқа дейінгі туа біткен және жүре пайда болған нейро-ортопедиялық ауытқулары бар балаларға арналған. Мұнда жыл сайын 200-ден астам бала тегін оңалтудан өтеді.

СНХР: НАТАЛЬЯ ПОМАЗАНОВА ЕРТЕ АРАЛАСУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ


«Qyzyljar Creative орталығында өткен экскурсия барысында қонақтар заманауи IT хабтың қызметімен танысты. Сонымен қатар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін жеке ұйымдардың басшыларымен кездесу өткізді.

СНХ: ШОЛПАН КАРИНОВА – «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ, ПАРТИЯНЫҢ ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ


Ерекше балалардың аналары оңалту, қызмет бағасы және аутизм орталықтарының санын арттыруды өтінді.

СНХ: ТАТЬЯНА КОВАЛЕВА «МОЙ РЕБЕНОК» ҚҰ ЖЕТЕКШІСІ


Барлық сұрақтар зерттеліп, бақылауға алынады. Бұл іс-шаралардың барлығы балалардың жағдайын жақсарту мен қоғамдағы маңызды мәселелерге назар аудару үшін қолға алынып отыр.