Қазақстанда ажырасу санының артуы қоғамда үлкен алаңдаушылық тудыруда. Осы өзекті мәселені талқылау мақсатында Петропавл қаласында «Urpaq» қазақ мәдени-ағарту орталығы мен Қазақстан Халық партиясының Әйелдер қанатының ұйымдастыруымен қоғамдық маңызы бар іс-шара өтті.

Жиын барысында қатысушылар отбасылық құндылықтарды сақтау, ажырасудың алдын алу және отбасыларға қолдау көрсету жолдарын талқылады. Сарапшылар ажырасудың негізгі себептерін атап өтті, олардың ішінде: туыстардың араласуы, моральдық шектеулердің болмауы және ажырасу процесінің жеңілдігі. Статистикаға сүйенсек, 2024 жылы – 707 неке бұзылған, ал 2025 жылы – 257 ажырасу жағдайы тіркелді. Жас ерекшелігіне келсек, әйелдер арасында 25-34 жас аралығында, ал ерлер арасында 30-39 жас аралығында ажырасу жиі кездеседі, дейді мамандар.

СНХР: ӘСЕЛ ХАМЗИНА , ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ АХАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ