Дәрігер болу – жүрек қалауымен таңдалатын жауапты мамандық. Жамбыл аудандық ауруханасында жалпы тәжірибелік дәрігер Шахижан Сейдахметов қызмет атқарып келеді. Ол өңірге арнайы Түркістан облысынан келіп, ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетіп жүр.
Жалпы тәжірибелік дәрігер Шахижан Сайдахметов Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін тәмамдаған. Содан соң отбасымен бірге Жамбыл ауданы Пресновка ауылына қоныс аударады. Жас маманның жұбайы да — медицина саласының қызметкері. Ауылға қоныстанған Сайдахметовтер отбасын жергілікті тұрғындар ерекше ықыласпен қарсы алды.
СНХ: ШАХИЖАН СЕЙДАХМЕТОВ, - «ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» КМК ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР
Шахижан Сайдахметовты әріптестері де, әрі науқастар да ерекше құрметтейді. Оның кәсіби біліктілігі мен әрбір адамға мұқият, жанашыр көзқарасы — көпшіліктің көңілінен шығып отыр.
СНХ: ЕРКЕГҮЛ СҮЙІНДІКОВА, «ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Шамамен жарты ғасыр бұрын салынған бұл аудандық аурухана 2023 жылы күрделі жөндеуден өтті. Қазіргі таңда емханада бір ауысымда 150-ге дейін адам қабылданады. Мұнда 8 жалпы тәжірибелік және 2 педиатриялық учаске жұмыс істейді.
СНХ: ЕРКЕГҮЛ СҮЙІНДІКОВА, «ЖАМБЫЛ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ» КМК ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қазіргі уақытта стационар ғимаратында желдету жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.