Аққайың ауданының жолдары жөндеуден өтіп жатыр. Олардың қатарында республикалық, облыстық маңызы бар тас жолдармен ауылішілік жолдар да бар.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев автожол желісінің елдің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі маңызын бірнеше рет атап өтті. Осыған байланысты барлық негізгі қалалар мен өңірлерді сапалы көлік жолдарымен байланыстыру өте маңызды. Биыл Аққайың ауданындағы 12 ауылдық округте жолдарды жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
СНХ: НҰРСҰЛТАН БАЙЗАҚ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мәселелі учаскелер азаматтардың өтініштері негізінде талданып, таңдалды. Өткен аптада жұмыс Смирново ауылында басталды. Мұнда Суворов көшесінде 217 млн. 862 мың теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Зенченко көшесіндегі жөндеу жұмысының құны 112 млн. 503 мың теңгені құрайды. Жауапты мердігер – «КоммунСтройСервис» серіктестігі.
СНХ: ПАВЕЛ ОВСЯННИКОВ, ЖҰМЫСШЫ
Айта кету керек, Аққайың ауданында соңғы 3 жылда 37,2 шақырым жол жөнделіп, оған 1,5 миллиард теңге жұмсалған.