21 мамыр – Қазақстанда мәдениет және өнер қызметкерлері күні аталып өтеді. Бұл мереке – елдің мәдени мұрасын сақтау мен дамыту жолында еңбек етіп жүрген жандар үшін аса маңызды.Осы орайда, облыста мәдениет саласында құрметке ие жандардың бірі – Дәнеш Сапарқызы Құрманкина. Қазақ өнерінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген жерлесімізбен арна тілшілері тілдескен болатын.
Мәдениет — тек сахна мен музыка ғана емес. Бұл — ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын тіл, дәстүр мен тарих. Осы құндылықтарға Дәмеш Құрманқина бүкіл өмірін арнап келеді. Бүгінде ол – Ақан сері атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық филармониясының әншісі. Кәсіби сахнада жүргеніне 30 жылдан астам уақыт болды. Өнер иесі осы уақыт ішінде өз тыңдармандарын таба білді. Ал, бұл әртіс үшін – ең үлкен жетістіктердің бірі.
СНХ: ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Дәмеш Құрманқина – түрлі халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше мәрте лауреаты. Оның мәдениетке қосқан үлесі мемлекет тарапынан да жоғары бағаланған. Өнер иесі - Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» атағының иегері сондай-ақ, «Құрмет» орденімен марапатталған.
СНХ: ДӘМЕШ ҚҰРМАНКИНА, ҚР МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ ҮЗДІГІ
Дәмеш Сапарқызы тек сахнада өнер көрсетіп қана қоймай, жас ұрпақты өнерге баулумен де айналысады. Қазір ол Абай атындағы қазақ мектеп-гимназиясы жанындағы Өнер орталығының жетекшісі қызметін де атқарады.