«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында мемлекеттік қызметтер көрсету барысында автокөлік иелері мен емтихан тапсырушыларды биометриялық сәйкестендіру технологиясын енгізді.

Бұған дейін жеке тұлғаны сәйкестендіру қызмет алушы ұсынған құжат негізінде орталық қызметкерлері арқылы жүзеге асырылатын. Енді рәсімдеу кезінде адамның жүзі суретке түсіріліп, жүйе бұл суретті Мемлекеттік жеке тұлғалар деректер базасында сақталған фотосуретпен автоматты түрде салыстырады. Бұл жалған суретті немесе мобильді құрылғы экранынан көрсетілген фотосуретті қолдану мүмкіндігін болдырмайды. Егер биометриялық сәйкестендіру мүмкін болмаса, жүйе қызмет көрсетуді автоматты түрде бұғаттайды.Мемлекеттік қызметтерді арнайы ХҚКО-дарда ғана емес, электрондық үкімет порталы арқылы және «ХҚКО» мобильді қосымшасы мен екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы да алуға болады.