Бүгін Қоғамдық даму және ақпарат орталығы ұйымдастыруымен «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында, сондай-ақ жастарға кәсіби бағдар беру және кәсіби ағарту мақсатында Петропавл қаласындағы №5 мамандандырылған өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды. Іс-шараға 30-ға жуық студент қатысып, техникалармен танысты.

Аталған мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі Береке шағын ауданында орналасқан. Жақында ғана ашылған нысан заман талабына сай жабдықталған. Бұл бөлімге қызметтік міндетін атқару барысында, өртті сөндіру кезінде қаза тапқан батыр, азаматтық қорғау аға сержанты Алтынбек Абдрахмановтың есімі берілген.

СНХР: ДӘУРЕН СҮЛЕЙМЕНОВ, АЛТЫНБЕК АБДРАХМАНОВ АТЫНДАҒЫ №5 МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ

Экскурсияға Солтүстік Қазақстан жоғары кәсіби-педагогикалық колледжінің 30-ға жуық студенті қатысты. Іс-шара барысында студенттер өрт сөндірушілердің жұмысымен танысып, олардың күнделікті қызметі мен еңбек жағдайларын өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Мұндай кездесулер «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді.

СНХР: ОЛЕСЯ РЫБАКОНОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ

Іс-шара барысында оқу сыныптары, диспетчерлік бөлім көрсетіліп, қызметкерлердің дайындық үдерісі таныстырылды. Сондай-ақ, жаңа өрт сөндіру техникасы мен заманауи құрал-жабдықтар ұсынылды. Бұл өз кезегінде студенттердің мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби таңдауына оң әсерін тигізеді.

СНХР: СОФЬЯ КОСТИНА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖОҒАРЫ КӘСІБИ-ПЕДAГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ 2-КУРС СТУДЕНТІ

Жалпы, мұндай танымдық іс-шаралар болашақ мамандардың азаматтық қорғау саласына деген қызығушылығын арттырып, кәсіби бағдарын айқындауға бағытталған.