Айыртау ауданында «Север Агро ЛТД» серіктестігі бие сүтінен құрғақ ұнтақ шығаратын ферма салып жатыр. Жалпы қуаттылығы тәулігіне 400 бас жылқы саууға мүмкіндік беретін нысан жоспар бойынша қазан айында қолданысқа енгізілуі тиіс. Бүгінгі күні құрылыс жұмыстарын 70 пайызға жуықтатқан серіктестік мамандары сауын фермасын тамыз айында толығымен іске қоспақ. Бие саууға арналған қондығылар мен сүтті құрғатып одан ұнтақ шығаратын арнайы апараттар Германиядан жеткізіледі. Инвестицялық жобаның жалпы құны 3 миллиард теңге. Заманауи автоматтандырылған қондырғылармен жабдықталатын жаңа нысанда 10 адам еңбек ететін болады.

Құрылыс жұмыстарына тапсырыс беруші «Север Агро ЛТД» серіктестігі. Нысанның ірге тасы өткен жылдың қараша айында қаланған болатын. Содан бері бір күнге де тоқтамаған жұмыс қарқыны қазіргі күні 70 пайызға жуықтапты. жартысы ғана сауылатын болады.

Бие саууға арналған ферма 400 басқа шақтылған. Биыл тек олардың 200 басы ғана сауылмақ. Серіктестік басшылығы, жаңа нысанның жұмыстары бір ізділікке түскен кезде ферманы толық қуатта жұмыс істететін боламыз,-дейді.

СНХ: Ерболат Кәленов - серіктестік директоры


Қазір құрылыс алаңына су тартылып, жылту қазандығы газголдер орнатылған. Құрғақ өнім өндіруге арналған қондырғылар орналасатын екі ғимараттың ішкі әрлеу жұмыстары аяқталып жатыр. Сауын фермасының да қабырғалары тұрғызылып, шатыры жабылған. Ендігі кезекте есік-терезелері салынып едені құйылмақ. Сондай-ақ мал қамайтын орам жұмыстары да қатар жүргізілуде.

СНХ: Алтынбек Мағымов – Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы


Сауын фермасына қажетті қондырғылар мен құрғақ ұнтақ шығаратын апараттар арнайы тапсырыспен Германиядан жеткізілмек. Ал сауынға үйретілген биелер жуық арада Қостанайдан әкелінеді.