Петропавлда ОС ардагері Сапар Дүйсеновке арналған мемориалдық тақта ашылды. Іс-шара жеңістің 80 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыс әкімі, қала басшылығы, еріктілер, ардагерлер мен ұрпағы қатысты. Жиналған жұрт ардагерге құрмет көрсетіп, рухына тағзым етті.

ҰОС ардагері Сапар Дүйсеновке арналған мемориалдық тақтаны ашу рәсімі әнұраннан басталды. Кейін ардагердің өзі тұрған үйде естелік тақтасы ашылды. ҰОС ардагерінің рухына тағзым ету үшін салатанатты іс-шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ


Жиналған жұрт Сапар Дүйсеновтың ерлігін еске алды. Мемориалдық тақтаға гүл шоқтары қойылды. Құрмет көрсету рәсімі бір минут үнсіздікпен жалғасты.

Іс-шараға ардагерлер, еріктілер мен туған туысқандары қатысты. Салтанатты сәтке ардагердің балалары да келді. Сапар Дүйсеновтың үш баласы бар. Қызы Алтынай Дүйсенова әкесін өмір бойы үлгі тұтатынын айтады.

СНХ: АЛТЫНАЙ ДҮЙСЕНОВА, САПАР ДҮЙСЕНОВТЫҢ ҚЫЗЫ


Қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тажин соғыс туралы әңгімелерді тікелей ардагердің өз аузынан естігенін айтады. Сөзінше, оның өнегелі өмір жолы - бүгінгі ұрпаққа үлгі, елге - мақтаныш.

СНХ: ЖАНГЕЛДІ ТАЖИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ


Сапар Дүйсеновтің ерлігі майдан даласымен ғана шектелмейді. Ол әділдік пен заңның биік тұруы жолында да қажырлы еңбек еткен тұлға. 30 жыл құқық қорғау саласында қызмет атқарған. Облыс прокурорының бірінші орынбасары болған.

СНХ: ҚАЙРАТ ӘБДІХАНОВ, СҚО ПРОКУРОРЫ


Мұндай игі шаралар - тарихты жаңғыртып, жас буынның патриоттық рухын арттырады. Ерлік - ұмытылмайтын, ұрпаққа аманат. Елге, ұрпаққа адал қызмет етудің шынайы үлгісі.