СҚО Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Чистополье ауылында жеке үйден өрт шықты. Бұл туралы 101 пультіне куәгер қоңырау шалып хабарлады.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі жедел жетіп, тілсіз жауды ауыздықтауға кіріскен. Бұл уақытта үйдің кіре берісі жанып жатқан. Түтіннің салдарынан үйден сыртқа шыға алмаған адамдар болды. Өрт сөндірушілер үйге кіріп, екі ер адамды алып шықты. Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады.