Негізгі Жаңалықтар Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері

Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Азия ойындарының қола жүлдегері

Солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова Жапонияда өткен Азия ойындарынан қола медальмен оралды. Жуырда спортшыны Петропавлда қарсы алып, кезекті жетістігімен құттықтады. Бұл жолы Наталья алғаш рет 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Салмақ айырмашылығына қарамастан, жерлесіміз жартылай финалға дейін жетіп, жеңіс тұғырына көтерілді. 

Жапониядағы жарысқа дейін Наталья тыңғылықты дайындықтан өтті. Алдымен АҚШ-та оқу-жаттығу жиынында болды. Кейін Алматыда бірқатар жекпе-жек өткізіп, Жапонияда командамен бірге тағы он күн бойы қарқынды жаттықты. Әр жекпе-жекке аса жауапкершілікпен дайындалды. Өйткені Азия ойындарында әлсіз қарсылас болмайды. Ал Наталья үшін бұл жарыстың жөні бөлек. Себебі ол алғаш рет осындай деңгейдегі додада өзіне үйреншікті емес салмақта шаршы алаңға шықты.

СНХР: НАТАЛЬЯ БОГДАНОВА, АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Наталья ширек финалда Өзбекстан боксшысын 4:1 есебімен жеңді. Ал жартылай финалда Үндістан спортшысымен жұдырықтасып, тартысты жекпе-жекте есе жіберді.

СНХР: ДАСТАН ҚАБДЕНОВ, СҚО БОКСТАН АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ

Нәтижесінде төрешілер жеңісті қарсыласқа беріп, Наталья жарысты қола медальмен аяқтады. Бұл — спортшының Азия ойындарындағы екінші қоласы. Алғашқы қола жүлдесін ол 2023 жылы жеңіп алған болатын. Дегенмен боксшы мұнымен тоқтап қалмақ емес. Алда жаңа жарыстар, жаңа сынақтар және жаңа жеңістер бар.

Бөлісу