Негізгі Жаңалықтар Ұстаздар ұлықталды

Ұстаздар ұлықталды

Жүректерге нұр құйған ардақты ұстаздар қауымы бүгін қалалық мәдениет үйінде бас қосты! Мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиында қажырлы еңбегімен ерекшеленген отызға жуық педагог марапатталды. Мерекелік іс-шара әсем ән мен күйге толы концерттік бағдарламамен жалғасты.

Петропавлда білім беру мекемелерінде 3 382 педагог еңбек етеді. Олар өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруге өлшеусіз үлес қосып келеді. Шаһарда білім саласын дамытуға ерекше көңіл бөлініп, жаңадан білім ордалары бой көтеруде. Соңғы екі жылда әрқайсысы 1 200 орынға шақталған екі жаңа мектеп пайдалануға берілді. 

СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

Бүгінгі мерекеде қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталғандардың қатарында 30 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз Күнсұлу Мұстафина да бар. Ол қазіргі таңда қаладағы С. Мұқанов атындағы №32 мектепте орыс сыныптарына қазақ тілінен дәріс беріп, мемлекеттік тілді үйретуге өлшеусіз үлес қосып келеді. 

КҮНСҰЛУ МҰСТАФИНА, С.МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ №32 ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ 

Ұстаздар күніне арналған салтанатты жиында мұғалімдерге зор құрмет көрсетілді. Мерекелік іс-шара ардақты ұстаздарға арналған әсем ән мен күйге толы концерттік бағдарламаға ұласты. 

Бөлісу