Ауыл мектебі: білім мен дәстүр тоғысқан орта
Ауыл мектептерін жаңғырту және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету — Қазақстандағы білім беру жүйесін мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттарының бірі. Жамбыл ауданындағы Пресноредуть ауылындағы мектепте сапалы білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Білім ордасының жұмысы туралы келесі сюжетте.
Мектептің басты артықшылықтарының бірі — заманауи құрал-жабдықтардың болуы. Оқу кабинеттері қызықты әрі танымдық сабақтар өткізуге қажетті құралдармен жабдықталған. Заманауи білім беру форматы оқушыларға теориялық білім алып қана қоймай, оны тәжірибеде қолдануға, өз бетінше жұмыс істеуге, бастамашылдық танытуға және білімге деген қызығушылығын арттыруға мүмкіндік береді.
СНХР: ЛУКА ЗАЙЦЕВ, 5-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ
Мектеп өмірінде кітапхананың да алар орны ерекше. Мұндағы кітап қорында оқу-әдістемелік, көркем және танымдық әдебиеттер бар. Кітаптар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, мәдениет пен тарихты танып-білуіне, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға және өздерін қызықтырған сұрақтарға өздігінен жауап іздеуіне көмектеседі.
СНХР: АЛЕНА ГРЯЗНОВА, КІТАПХАНАШЫ
Аталған білім ордасында сабақтан тыс уақыттағы жұмыстарға да ерекше көңіл бөлінеді. Оқушылар үшін түрлі бағыттағы үйірмелер жұмыс істейді. Мұнда әр бала өзіне ұнайтын іспен айналыса алады. Ұлттық «Асық ату» үйірмесі де оқушылардың ерекше қызығушылығын тудырып отыр. Дәстүрлі ойын балаларды біріктіріп қана қоймай, қазақ халқының мәдени мұрасын танып-білуге, шапшаңдыққа және командалық жұмысқа баулиды.
СНХР: АЙДАР ТҰРЛЫБАЕВ, «АСЫҚ АТУ» ҮЙІРМЕСІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Мектепте заманауи білім беру мүмкіндіктері мен ұлттық құндылықтар қатар дәріптеледі. Бұл өз кезегінде оқушылардың білімін толықтырып, шығармашылық қабілетін дамытуға әрі жаңа белестерге ұмтылуына ықпал етеді.