Петропавлда технологиялық батл ұйымдастырылды
Петропавлда цифрлық технологияларды дамытуға бағытталған жаңа жобалар таныстырылды. Осыған орай М.Қозыбаев атындағы университет базасында AI BATTLE: Smart Region Edition технологиялық батлы өтті. Байқауға қатысушылар өңірдегі өзекті мәселелерді заманауи технологиялардың көмегімен шешуге бағытталған жобаларын ұсынды. Негізгі назар жасанды интеллект пен цифрлық сервистерді күнделікті өмірде қолдануға аударылды. Жобаны SKO Hub, облыстық әкімдіктің цифрлық технологиялар басқармасы, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті және Tomorrow School ұйымдастырды. Жеңімпаз сарапшылар бағалауының қорытындысы бойынша анықталды. Толығырақ тілші материалында.
AI BATTLE финалы СҚУ базасындағы Tomorrow School алаңында ұйымдастырылды. Қатысушылар өз жобаларын сарапшылар алдында питчинг форматында қорғап, мәселенің өзектілігі мен ұсынған шешімінің тиімділігін таныстырды. Мұндай технологиялық байқаулар өңір жастарының тың идеяларын қолдауға және оларды тәжірибеде жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар қатысушылар IT саласының мамандарымен пікір алмасып, жобаларына кәсіби баға алды.
СНХР: НҰРГҮЛ БОЛАТОВА, SKO HUB ӨҢІРЛІК IT-ХАБЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Финалға өткен 10 жобаның әрқайсысы өңірдің нақты қажеттіліктеріне бағытталды. Қатысушылар жасанды интеллект, цифрлық сервистер және қалалық инфрақұрылымға қатысты түрлі шешімдерін ұсынды. Солардың қатарында № 5 орта мектептің 8-сынып оқушысы Дмитрий МатвИенко да бар. Жас қатысушы “Смарт паркинг” деп аталатын жүргізушілерге уақытты тиімде әрі қолжетімді етуге көмектесетін жоба әзірлеген.
СНХР: ДМИТРИЙ МАТВИЕНКО, ҚАТЫСУШЫ
Байқау қорытындысы бойынша үздік жобаға 150 мың теңге көлемінде жүлде қарастырылған. Мұндай алаңдар технологиялық идеяларды нақты мәселелермен ұштастыруға мүмкіндік береді.