Полицейлер Жеңістің 80 жылдығына орай петропавлдық тұрғындарға музыкалық кеш ұйымдастырды. 10 сәуір күні кешке Петропавлдағы Dostyq mall сауда ойын-сауық орталығына келушілерді облыстық полиция департаментінің үрмелі аспаптар оркестрі мен вокалдық тобының туындылары қарсы алды.

Концерттік бағдарлама шеңберінде 20-ға тарта номер дайындалды. Бұл жерде соғыс жылдарының әуендері, заманауи патриоттық әндер, эстрада классикасы шырқалды. Жиналғандар «Жеңіс күні», «Оныншы десанттық батальон» әндерін және балалық шақтарынан таныс басқа да әуендерді орындаған әртістерге қосылып, қошеметтерін аямады.

Көпшілігі сауда-ойын-сауық орталығына отбасыларымен бірге келеді. Ұрпақтарына бейбіт өмір сыйлаған майдангерлердің, тыл еңбеккерлерінің ерлігіне арналған әндер ұрпақтардың басын қосты. Айта кетейік, өткен жылдың соңында департаменттің мәдени орталық вокалдық тобы Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Дидар Малаевтың басшылығымен республикалық көркемөнерпаздар байқауында гран-при жеңіп алып, ҚР ІІМ жүйесінде үздік атанды.

СНХР: АННА КАШЕВАРОВА — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Ұлы Жеңістің мерейтойын мерекелеу шеңберінде СҚО полиция департаментінде басқа да іс-шаралар жоспарланған.