«Волошинка – Сергеевка – Тимирязева» автожолында жөндеу жұмыстары жалғасуда
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының бірқатар учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазір республикалық маңызы бар «Волошинка–Сергеевка–Тимирязево» тасжолының бірнеше учаскесі қалпына келтіріліп жатыр. Жалпы ұзындығы 45 шақырымды қамтитын жолдың негізі толық нығайтылып, асфальттың төменгі қабаты төселді. Ал жоғарғы сапалы қабаты қазірдің өзінде 30 шақырымнан астам аумаққа құйылған. Бұдан бөлек, жол жиектері бекітіліп, жүргізушілер мен жолаушылар үшін 3 жаңа автопавильон орнатылды. Мамандардың айтуынша, бұл шаралар қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, өңірдегі көлік қатынасының сапасын едәуір жақсартпақ.