Мемлекеттік қолдау серпіні
Теріскейдегі танап басында қарбалас шақ. Әр минут маңызды. Сондықтан диқандар қауымы ауа-райының қолайлы сәтін қалт жібермей, мейлінше ұтымды пайдаланып, Егіс алқаптарындағы қалған ырыс дәнін шашау шығармай жиып алу. Сондай агроқұрылымдардың бірі«Атамекен Агро» компаниясының тобына кіретін Жамбыл ауданындағы «Шатило и К» серіктестігі. Көктемгі дала жұмыстары барысында олар меншіктеріндегі 38 мың гектар алқапқапты толық игеріп, онда дәнді, дәнді-бұршақты, майлы дақылдардың барлық түрін сепкен. Астық оруға шілденің соңында кіріске олар, қазіргі күні жалпы алқаптың 75 пайызын жиып алған. Қалған жұмыстарды осы айдың соңына дейін тәмамдаймыз дейді жер емген шаруалар. Мемлекеттік қолдаудың бар тетігін пайдаланған агроқұрылым, бүгінгі күні қуаттылығы жоғары заманауи техника, жанар-жағармай қормен 100 пайыз қамтылған. Мықты машина-трактор паркі орақ науқанын белгіленген межеде аяқтауға мүмкіндік берері сөзссіз.
Агроқұрылым алқаптарындағы қарбалас таң атқаннан күн батқанға дейін жалғасуда. Демалыс жоқ. Механизаторлар үзілісіке тек тамақтану мен техникаға жанар-жағармай құю кезінде ғана тоқтайды. Себебі танап басындағы әр күн мен әр минут алтынға пара-пар. Диқандар қауымының міндеті, бітік шыққан ырыс дәнін күн бүлінбей құрғақ күйінде қамбаға құю. Пісіп-жетілген сары алтын қазір тікелей соғылып, танап басынан бірден қоймаға жөнелтілуде.
Агроқұрылым мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың ешбірінен кенде қалып отырған жоқ. Соның арқасында шаруашылық көктемгі күзгі дала жұмыстарына дер кезінде бастап, белгіленген межеде аяқтауға қол жеткізуде.
СНХ: Олег Адам - «Шатило и К» серіктестігінің директоры
Ауыл шаруашылығы саласын әртараптандыруда соңғы жылдары аграршыларға мемлекет тарапынан қолдау көрсету көкжиегі артып келеді. Ол жер емген шаруаларға машина-трактор паркін жаңалауға жол ашып отыр. Жаңа техника, жаңа мүмкіндіктер мен жаңа технология.
СНХ: Олег Адам - «Шатило и К» серіктестігінің директоры
Жамбыл ауданы бойынша осы жылы игерілген жалпы егістік алқаптың көлемі 324,6 мың гектарды құрайды. Оның дәнді дақылдарға бөлінгені 194,9 мың гектар болса, майлы дақылдар себілген алқап 112,2 мың гектар.
СНХ: Рустем Дүйсенбеков – Жамбыл аудандық ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімінің басшысы
Аудан бойынша биылғы орақ науқанына жұмылдырылған комбайндар саны 546 болса, оның 282 қуаттылығы жоғары шет елдік техника. Ал танап басынан қоймаларға астық тасуға 197 көлік пен 507 трактор қатыстырылуда.