СҚО-да жер қойнауын заңсыз пайдаланғандар анықталды
Өңірдің табиғатты қорғау прокуратурасы бірқатар өрескел заңбұзушылықтарды әшкереледі. Мәселен, Петропавл маңында кәсіпкерлердің бірі рұқсатсыз 50 тонна саз өндірген. Заңсыз бизнес тоқтатылып, кінәлі тарап әкімшілік айыппұл арқалады.
Бұл бір ғана дерек емес. Соңғы екі жылда 11 кәсіпорын өңірді дамытуға бөлінуі тиіс 10 жарым миллион теңгені аудармаған. Ал жер асты суын пайдаланған тағы 26 субъект 29 миллион теңге қол қою бонусын төлеуден жалтарған. Прокурорлық қадағалаудың нәтижесінде қазір мемлекет қазынасына 18 миллион теңге қайтарылды. Қалған қарызды өндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Қадағалау органы заң бұзғандар қатаң жауапқа тартылатынын ескертеді.