Негізгі Жаңалықтар «Құқықтық бағдар» зияткерлік ойыны өтті

«Құқықтық бағдар» зияткерлік ойыны өтті

«Заң және тәртіп» жобасы аясында М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттері арасында «Құқықтық бағдар» зияткерлік ойыны өтті. Ойын барысында жастар құқық саласындағы білімдерін сынап, күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайларды талқылады.

«Құқықтық бағдар» зияткерлік ойынын облыстық жастар ресурстық орталығы «Заң және тәртіп» республикалық идеологемасы аясында ұйымдастырды. Ойынның мақсаты – жастардың құқық саласындағы білімін тексеріп, алған білімдерін күнделікті өмірде дұрыс қолдануға үйрету.

ОЛЕСЯ РЫБАКОНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ 

Жастардың құқықтық сауатын арттыруға бағытталған ойынға бес адамнан құралған үш команда қатысты. Қатысушылармен қатар, көрермендер де сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады. Мұндай формат жастарға күнделікті кездесетін құқықтық мәселелерді түсініп, өз құқықтары мен жауапкершілігін білуге көмектеседі.

ХАДИША КЕЛДІБЕК, М. ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ

Мұндай іс-шараларды алдағы уақытта өңірдегі өзге де оқу орындарында өткізу жоспарланып отыр.

Бөлісу