Мемлекет басшысының «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағы таныстырылды
Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» атты таңдаулы сөздер жинағының тұсаукесері өтті. Мемлекет басшысының еңбегінде елдің саяси-әлеуметтік жаңғыруы мен қоғамдық дамудың өзекті мәселелері кеңінен қамтылған. Жылдар бойы айтылған маңызды пікірлер мен пайымды тұжырымдар осы жинаққа топтастырылды.
Кітапта Мемлекет басшысының әділетті мемлекет құру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, ел бірлігі мен қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған ой-тұжырымдары топтастырылған. Жинақтан Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуы, халықтың әл-ауқаты мен әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге қатысты маңызды бастамаларды да көруге болады.
ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, ЖАЗУШЫ, ЖУРНАЛИСТ
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» – Мемлекет басшысының ел болашағына қатысты пайымдарын бір арнаға тоғыстырған тағылымды еңбек. Жинақтың таныстырылымына зиялы қауым өкілдері, қаламгерлер, журналистер, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, ардагерлер мен жастар қатысты.
ҮМІТХАН МҰНАЛБАЕВА, ЮНЕСКО ҚАМҚОРЛЫҒЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТТЕРДІ ЖАҚЫНДАСТЫРУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шара барысында жинақтың мазмұны мен маңызы кеңінен талқыланды. Жиынға қатысушылар кітапты жас ұрпаққа елдік құндылықтарды дәріптейтін маңызды еңбек ретінде бағалады.