Ғарыштық мониторинг нәтижесінде 54 заңсыз қоқыс орны анықталды
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы бірлесіп арнайы Геопортал іске қосқан болатын. Бұл жүйе ғарыштан түсірілген суреттер арқылы өңірлердегі қоқыс орындарын қатаң бақылауға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында ғарыштық мониторинг көмегімен 54 заңсыз қоқыс орны анықталды. Қазіргі уақытта олардың 53-і, яғни 98 пайызы толығымен жойылған.
Айта кетейік, бұл ғарыштық мониторинг облыс орталығының айналасындағы 50 шақырымдық аймақты түгел қамтып, қоқыс полигондарының шекарасын қатаң бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Озық технологиялардың көмегімен жасалып жатқан осындай жұмыстар мен өңірде жалғасып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы туған жердің тазалығын сақтауда, қоршаған ортаны қорғауда және табиғатқа жанашырлық танытуда нақты нәтижесін көрсетіп отыр.
СНХ: ЖАСҰЛАН САДУЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ