Негізгі Жаңалықтар СҚО-да жыл басынан бері 290 - нан астам өрт тіркелді

СҚО-да жыл басынан бері 290 - нан астам өрт тіркелді

Жыл басынан бері облыс аумағында 292 өрт оқиғасы тіркеліп, тілсіз жаудан 26 адам мерт болды. Сонымен қатар, улы газбен уланудың 6 дерегі анықталып, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді . Осыған орай, алдағы жылыту маусымына дайындық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыстық ТЖД қызметкерлері жеке сектор тұрғындарымен профилактикалық жұмыстарды күшейтті.

Департамент әлеуметтік осал топтарға жататын 5 мыңнан астам тұрғын үйді есепке алды. Өрт қауіпсіздігі айлығы басталғалы бері құтқарушылар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп комиссиялық аралау жұмыстарын жүргізіп, 3 394 үйді қамтыды. Өкінішке қарай, олардың жартысына жуығында жылыту жүйелері өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын бұза отырып пайдаланылатыны анықталды. Осыған байланысты мамандар қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін үйлерге автономды өрт хабарлағыштарын орнатудың маңыздылығын еске салады.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Орман қоры аумағындағы өрт қауіптілігі күрт артып отыр. Бұл маусымда 26 орман өрті тіркелді, ал өткен жылдың осы кезеңінде бар болғаны 1 ғана жану дерегі орын алған еді. Тілсіз жаудан келген материалдық шығын сомасы 6 миллион теңгеден асды. Департамент қызметкерлерінің мәліметінше, бұл көрсеткіштің бірден көбеюіне ауа райының қолайсыз жағдайлары басты себеп болып отыр. Мәселен, өткен жылдың жаз маусымының басы жоғары ылғалдылығымен ерекшеленсе, биылғы ахуал мүлде басқаша қалыптасып отыр.

ДМИТРИЙ РАСТИХИН, СҚО ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Облыс аумағында орақ науқаны қарқынды жүріп жатыр. Алайда бұл жауапты кезеңде ауыл шаруашылығы техникаларының отқа орануы бойынша 2 жағдай тіркелді. Сондықтан мамандар қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Бөлісу