Негізгі Жаңалықтар Спортпен шыныққан ұрпақ - зиянды әдеттерден аулақ

Спортпен шыныққан ұрпақ - зиянды әдеттерден аулақ

Петропавлдағы №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінде «Тәуелділік пе? Менің жолым емес!» атты спорттық-профилактикалық іс-шара өтті. «Заң және тәртіп» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырып, салауатты өмір салтын насихаттау.

Мектеп ұжымы тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатынын атап өтті. Сондықтан іс-шара Отбасы апталығымен де сабақтастырылған. Ұйымдастырушылардың пікірінше, ата-ананың күнделікті өмірдегі үлгісі баланың болашақ таңдауына тікелей әсер етеді.

Ләззат Жалмұқанова, №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің директоры

Іс-шара барысында футбол, волейбол, армрестлинг және ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Спорт арқылы балалардың төзімділігі, тәртібі мен командалық рухын қалыптастыру көзделді.

Алдияр Айдархан, №17 Ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің 10-сынып оқушысы

Мұндай профилактикалық кездесулерді білім беру ұйымдарында тұрақты түрде өткізу жоспарланып отыр. 

Бөлісу