Негізгі Жаңалықтар Петропавлда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі талқыланды

Петропавлда тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі талқыланды

Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясындағы жұмыстар жалғасуда. Петропавлда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға арналған семинар-кеңес өтті. Жиынға мемлекеттік органдардың, сала кәсіпорындарының, даму институттарының өкілдері және Петропавл қаласының әкімі қатысты.

Кездесуде қалдықтарды жинау мен сұрыптаудан бастап, қайта өңдеу және қайта пайдалану кезеңдеріне дейінгі тиімді жүйе қалыптастыру мәселесі талқыланды. Қатысушылар саладағы өзекті мәселелерді саралап, өңірде қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу көлемін арттыруға мүмкіндік беретін шараларды қарастырды. Жиында «Радуга» технопаркі өз тәжірибесін таныстырды. Мұнда қайталама шикізат қайта өңделіп, одан дайын өнім шығарылады.

СНХР: ПЕТР ШАРАПАЕВ — «РАДУГА» ЖШС АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ

Қалдықтарды қайта өңдеу саласын дамыту үшін заманауи инфрақұрылым мен инвестиция қажет. Осыған байланысты семинарда қалдықтарды басқару саласындағы жобаларды қаржыландыру тетіктеріне, сондай-ақ жаңа қайта өңдеу өндірістерін іске қосу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

ӘЛІШЕР БЕСПАЕВ —ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ

Тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару – «Таза Қазақстан» экологиялық күн тәртібінің маңызды бағыттарының бірі. Қайталама шикізатты сұрыптап, қайта өңдеу полигондарға шығарылатын қалдық көлемін азайтып, ресурстардың бір бөлігін өндірістік айналымға қайта енгізуге мүмкіндік береді. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар Солтүстік Қазақстан облысында қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін одан әрі дамытуға бағытталған нақты қадамдарды айқындады.

Бөлісу