Негізгі Жаңалықтар Қаржы пирамидасы: сақтық шаралары

Қаржы пирамидасы: сақтық шаралары

Алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін қаржы пирамидасының негізгі белгілерін білу маңызды. Сарапшылардың айтуынша, күмәнді ұсыныстарды бірнеше ерекшелігіне қарап-ақ аңғаруға болады. Соның ең бастысы — қысқа уақытта жоғары әрі кепілдендірілген табысқа уәде беру. Егер сізге нарықтағы қалыпты көрсеткіштерден әлдеқайда жоғары пайда табуға болатыны айтылса, сақ болған жөн. Әсіресе, «көп күш жұмсамай-ақ, аз ақша салып, тез арада мол табыс табасыз» деген ұсыныстарға бірден сене бермеген жөн.

Ақшаңызды кез келген қаржы ұйымына сеніп тапсырмас бұрын, оның заңды жұмыс істейтініне көз жеткізу маңызды. Мұндай жағдайда ең алдымен компанияның лицензиясы мен қызметіне назар аударған жөн. Қаржылық қызмет көрсететін ұйымдардың жұмысы заң талаптарына сай болуы керек. Ал азаматтардың қаражатын тартатын компанияның бұған тиісті рұқсаты болуы шарт. Сондықтан ақша аудармас бұрын ұйым туралы ақпаратты тексеріп, оның қаржы нарығында жұмыс істеуге құқығы бар-жоғын анықтап алған дұрыс. Күмәнді компаниялар көбіне өз қызметінің заңдылығын дәлелдейтін құжаттарды көрсетпейді немесе лицензиясы туралы ақпаратты жасырады. Мұндай жағдайдың өзі - сақ болуға жеткілікті себеп.

ОЛЬГА ГАВРИК, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДВОКАТТАР АЛҚАСЫНЫҢ АДВОКАТЫ

Бөлісу