«Үздік аула»: үйдің көркі-иесінен
Ауылдың ажары – әр шаңырақтың ұқыптылығынан басталады. Тимирязев ауданына қарасты Москворецкое елді мекенінің тұрғындары туған жердің көркеюіне өз үлестерін қосып келеді. Мұнда «Үздік аула» байқауы ұйымдастырылып, өзгелерге үлгі болған Копысовтар отбасы жеңімпаз атанды.
Көпшілік үлкен өзгерісті сырттан күткенімен, елді мекеннің көркі әр шаңырақтан басталады.Осыны жақсы түсінген Копысовтар отбасы үй іргесін ерекше сәндеуге күш салған. Мұнда көздің жауын алатын гүлдерден бөлек, қолдан жасалған түрлі мүсіндер мен сәндік бұйымдар да бар. Әрбір заттан үй иесінің талғамы мен еңбегі байқалады.
ЛЮДМИЛА КОПЫСОВА - МОСКВОРЕЦКОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Тұрғындардың осындай бастамалары елді мекеннің де еңсесін көтеріп, айналаны ажарландыра түскен. Сондай-ақ мұнда балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне де жағдай жасалған. Балалар бос уақыттарын спорт алаңдары мен ойын алаңдарында өткізеді.
Елді мекеннің көркеюі тек жол жөндеп, жаңа нысандар салумен өлшенбейді. Тазалыққа деген көзқарас пен туған жерге деген жанашырлық күнделікті әрекеттен көрінеді. Бір үйдің ауласы өзгеге үлгі болса, мұндай бастамалар біртіндеп тұтас елді мекеннің келбетіне әсер етеді.