Негізгі Жаңалықтар «Отан отбасынан басталады» байқауының жеңімпаздары анықталды

«Отан отбасынан басталады» байқауының жеңімпаздары анықталды

Петропавлда «Отан отбасынан басталады» атты облыстық байқауына қатысқан отбасыларға құрмет көрсетілді. Іс-шара жыл сайын аталып өтілетін отбасы күніне орайластырылды. Жеңімпаздар отбасы құндылықтарын дәріптейтін үш номинация бойынша анықталды: ұлағатты ұрпақ тәрбиесі, берік неке және қоғам өміріне белсенді араласу.

Үздіктер «Азамат тәрбиелеген отбасы», «Алтын шаңырақ» және «Күміс кереге» аталымдары бойынша анықталды. Байқауға Солтүстік Қазақстан облысының әр ауданынан отбасылар қатысты. Олардың өнегесі — өзара сыйластық пен түсіністіктің, үлкенге құрмет пен ұрпақ сабақтастығының көрінісі. Іс-шарада ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды сақтауға ерекше мән берілді.

ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

«Алтын шаңырақ» — байқаудағы маңызды номинациялардың бірі. Бұл аталымға отасқандарына 50 жылдан асқан отбасылар қатысты. Жарты ғасырдан астам уақыт бірге ғұмыр кешіп, бала тәрбиелеген олар өзара сыйластық пен отбасылық берекені берік сақтаған. Кейінгі ұрпаққа өнеге болған жанұялардың қатарында Чукуевтер отбасы да бар.

РАУЗА ЧУКУЕВА, «АЛТЫН ШАҢЫРАҚ» АТАЛЫМНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Аталмыш байқау онлайн форматта өтті. Қатысуға жеті отбасы ниет білдірген. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын байқау отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі жанұяларды көпшілікке танытуды мақсат етеді. Жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар табысталды.

Бөлісу