Негізгі Жаңалықтар Петропавлда BARYS BOXING ACADEMY ашылды

Петропавлда BARYS BOXING ACADEMY ашылды

Петропавлда BARYS BOXING ACADEMY бокс залы ашылды. Мұнда 8 жастан бастап ұлдар мен қыздар қабылданады. Ал 18 жастан асқан ересектер үшін денсаулықты нығайтуға бағытталған жаттығулар өткізіледі. Қазір залда жүзге жуық спортшы жаттығады. Олардың қатарында облыс пен ел намысын республикалық және халықаралық жарыстарда қорғап жүрген спортшылар бар. Залда бокстан әлем чемпионы Наталья Богданова да жаттығады. Спортшы алдағы Азия ойындарына дайындық жұмыстарын осы залда жүргізіп жатыр. 

Бөлісу