Негізгі Жаңалықтар Қызылжар ауданында жылжымалы дәріхана жұмысын бастады

Қызылжар ауданында жылжымалы дәріхана жұмысын бастады

 Қызылжар ауданында алғаш рет жылжымалы дәріхана пункті іске қосылды. Енді шалғай елді мекендердің тұрғындары қажетті дәрі-дәрмек алу үшін аудан орталығына арнайы бармайды. Дәріхана бекітілген кестеге сәйкес ауылдарға қатынап, тегін берілетін препараттарды да тұрғындардың өз елді мекенінде алуға мүмкіндік береді.

Жоба Қызылжар ауданы әкімінің тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. Негізгі мақсат – шалғай елді мекендерде тұратын халыққа дәрі-дәрмекті қолжетімді ету.

СНХР: СМАИЛ САТИН — ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ

Жылжымалы дәріхана пункті барлық қажетті құрал-жабдықпен қамтылған. Мұнда дәрі-дәрмекті сақтауға арналған арнайы шкафтар, тоңазытқыш, кондиционер, жұмыс үстелі, сөре және бейнекамера бар. Фармацевттің жұмысына ноутбук пен интернетке қосылуға арналған USB-модем де қарастырылған. Дәрі-дәрмектерді тарату онлайн режимде жүзеге асырылады. Бұл препараттарды ақпараттық жүйе арқылы рәсімдеп, тұрғындарға бірден беруге мүмкіндік береді.

СНХР: ГАЛИНА НЕЧАЕВА – ДӘРІХАНА МЕҢГЕРУШІСІ

Жылжымалы дәріханада артериялық гипертензия, жүрек қан тамырларының тарылу ауруы, қант диабеті сияқты ауруларға арналған дәрі-дәрмектер, балалар тағамы және тегін босатылатын өзге де препараттар бар. Тұрғындар қажетті дәрінің бар-жоғын алдын ала негізгі дәріханаға хабарласып, нақтылай алады. Ал жылжымалы пункт белгіленген кесте бойынша ауданның шалғай елді мекендеріне жеткізіп тұрады.

Бөлісу