Облыстық полиция департаментінің бастығы жылдам қимылдайтын арнайы жасақ офицерлерін турнирдегі жеңісімен құттықтады. Полицейлер жазғы киім үлгісіне ауысуына байланысты жеке құрамның саптық байқауын өткізді. Полиция генерал-майоры Айдын Қабдулдинов қызметкерлердің жазғы уақытта қызмет атқаруға дайындығын тексерді. Сондай-ақ арнайы жедел әрекет ету отрядының офицерлері марапатталды. Олар Борис Керімбаев атындағы «Қара майор» 7-ші Республика аралық практикалық ату жарысынан «пистолет және карабин» бөлімінде алтын жүлдегер атанды. Солтүстік Қазақстандық полиция қызметкерлері командалық жалпы есепте бірінші орын алып, командалық дуэльдік ату жарысында үшінші орынды иеленді. Сонымен қатар, полиция майоры Фархад Омаров жеке есепте үшінші орынға ие болды.