Балалар әдебиетін насихаттау және жастарды кітап оқуға тарту мақсатында облыстық Ғабит Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында жазушы Толымбек Әбдірайымның шығармашылығына арналған кеш ұйымдастырылды. Кездесу барысында қаламгердің сиясы әлі кеуіп үлгермеген «Құс ұясы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Бұл туралы әріптесім баяндап берсін.

Іс-шараға жазушылар, журналистер, зиялы қауым өкілдері мен колледж студенттері қатысты. Кездесудің мақсаты – жастарды кітап оқуға баулу және балалар жазушысының шығармашылығымен таныстыру.

СНХР: ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСІ


Толымбек Әбдірайым өзінің шығармашылық жолында 100-ден астам әңгіме, ертегі және повесть жазған. Оның туындылары республикалық «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінде, «Балдырған», «Ақ желкен» журналдарында және басқа да басылымдарда жарық көрген. Сонымен қатар, әңгімелері бастауыш сынып оқулықтарына да енген.

СНХР: ТОЛЫМБЕК ӘБДІРАЙЫМ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫЛАР ОДАҒЫНЫҢ МҮШЕСІ


Айта кету керек, «Құс ұясы» кітабы 1000 дана таралыммен жарық көрді. Кітаптың басты идеясы – балаларды мейірімділікке, адалдыққа және Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.