Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы туралы айтқан болатын болатын. Содан бастап елімізде бұл акция жалғасып жатыр. Бүгін Жастар ресурстық орталығының өкілдері М. Жұмабаев атындағы жоғары колледж студенттерінің арасында «Эко IQ: Таза Қазақстан» атты интелектуалды ойын өткізді. Басты мақсаты-жастардың экологиялық білімдерін тереңдетіп, қоршаған ортаға деген жауапкершілік сезімін қалыптастыру. Іс-шараға 50-ге жуық студент қатысты.

Интеллектуалды ойын 3 кезеңнен тұрды. Студенттер 4 командаға бөлініп өзара бақ сынасты. Бірінші кезең сұрақ-жауап, екінші ой қозғау және үшінші рөлдік ойындар. Қатысушылар экологияны қорғаушылар, кәсіпкерлер мен белсенділердің рөлдеріне еніп, экология мәселелерінің шешімін іздейтін болады.

СНХ: ДИДАР АЙМҰҚАН, М.ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТІ