Облыста жыл басынан жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және құжаттану салаларында үш адамның құқы қорғалды. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментіне жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық сынақтан өте алмай жүрген азамат шағымданды. Ол Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына үш рет барып, жүйенің дұрыс істемеуінен сынақтан өте алмаған.
Салдарынан құжат алу рәсімі үнемі бір айға шегеріліп келген. Департамент араласқаннан кейін бұл мәселе шешімін тапты. Азаматтың бұған дейінгі теориялық емтихандарының қорытындысы жойылды. Ал ақпан айының соңында қайта тапсыруға мүмкіндік алды.