Бірлік бар жерде — береке бар
Петропавлда Отбасы күніне орай көпбалалы отбасылар арасында ерекше квест ұйымдастырылды. Бес жанұя түрлі сынақтан өтіп, өзара бақ сынады.
Бұл жарыста бастысы — жеңіс емес, отбасы мүшелерінің бір-біріне қолдау көрсетуі. Қатысушылар бірнеше кезеңнен өтіп, логикалық тапсырмаларды орындады, жұмбақ шешіп, пазл құрастырды. Әр бөлім белгілі бір қоғамдық бастамаға арналды. Оның ішінде «Таза Қазақстан», «Заң және тәртіп» және волонтерлік бағыттар қамтылды.
СНХР: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Мария Агулова — алты баланың анасы. Қазір ол бала тәрбиесімен қатар қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысып жүр. Төрт жылға жуық уақыттан бері Солтүстік Қазақстан облысында волонтер болып, көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп келеді.
СНХР: МАРИЯ АГУЛОВА, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Іс-шара соңында барлық отбасы естелік сыйлықтармен марапатталды. Ал мерекелік күн эко-пикникпен жалғасын тапты.